Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалған жүкті әйел басынан өткен жағдайды баяндап берді

Опубликовано:

Гүлім Әкішева қаралы күні жантүршігерлік апаттан қалай аман қалғанын айтып берді. Аяғы ауыр келіншектің сөзінше, ұшақта жанында отырған Темірлан есімді жолаушы оны өз денесімен жауып, құтқарып қалыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыдағы ұшақ апатынан құтқарылған жүкті әйел басынан өткен жағдайды баяндап берді
Фото: instagram.com/ayanakish и instagram.com/brutto077: UGC

Гүлім жүктіліктің бесінші айында. Ол 27 желтоқсан - қаралы күні болған жағдайды баяндап берді.

Келіншектің сөзінше, оған ұшақтағы адамдар өтетін жақта отыру ыңғайлы болған, алайда билет бойынша ол иллюминатордың жанына жайғасуға мәжбүр болыпты. Әйел адам қалаған орынға Темірлан келіп отырған екен.

Ұшу басталған кезде келіншек ұшақтың шын мәнінде ұшқан не ұшпағанын түсіне алмапты. Ол тіпті, апат болуы мүмкін дегенге сене алмаған екен.

Әйелдің айтуынша, лайнер шайқалғанда адамдар айқайлай бастаған. Осы сәтте Темірлан Гүлімді сабырға келтіру үшін оның қолынан ұстапты.

Ал қатты соққы болғанда әйел адам қауіпсіздік нұсқаулығында жазылғандай басын төмен қаратып, жасырына алмаған. Алайда оның жанындағы көршісі оған көмектескен.

Кейінірек көзін ашқан кезде келіншек әуе кемесінің орнына көшені көргенін айтады.

Апат салдарынан Гүлімнің аяғы қысылып қалған. Осы уақытта Темірлан ұшақтан шығып, оны да босатқан, содан кейін екі жолаушы ұшақ сынықтарының арасымен жүрген.

Кейінірек Темірлан аруға апаттан алысырақ кету керек екенін айтып, өзін көмекке шақырғандарға қол ұшын созуға аттанып кетіпті.

Қазіргі таңда Гулім ауруханадан шығар сәтін күтуде. Ол бас-ми және аяқ жарақатын алған. Ал әйел адамның күйеуі барлығының жақсы аяқталғанына қуанышты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гүлімнің туыстары Темірланның қаһармандығы жайлы баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834117-almatydagy-sak-apatynan-aman-kalgan-zkti-jel-basynan-tken-zagdajdy-baandap-berdi/

pixel