RU

Желіде Ақтөбедегі "шенеуніктер" төбелесінің видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Whatsapp қолданушылары Ақтөбедегі көңіл көтеретін орындардың бірінде болған төбелестің видеосын қызу талқылап жатыр. Олар бейнежазбада бой көрсеткендер мемлекеттік қызметкер екенін айтуда. Бұл жағдайға қатысты өңірлік полиция пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде Ақтөбедегі "шенеуніктер" төбелесінің видеосы тарады

Желіде Ақтөбедегі "шенеуніктер" төбелесінің видеосы тарады

Кадрларға қарағанда, жанжал бірнеше ер азамат пен келіншек тұрған фойеде болған. Ашуға мінген азамат сол жерде төбелес бастап, мейманды аяғынан құлатып, бетінен ұра бастайды.

Текетіреске қасында тұрған келіншектер де қатысып, жігіттерден сабыр сақтауды сұрайды. Ал азаматтар бейәдеп сөздерді айтуды жалғастыра береді.

Нәтижесінде үш қатысушының беті жарақаттанып, қанай бастаған.

Аталған мәселеге байланысты өңірлік полиция жауап берді.

"WhatsApp мессенджерінде Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінің фойесінде болған төбелестің видеосы тарады", -деді баспасөз қызметінде.

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні бір компания өкілдері мен жекеменшік дүкен қызметкерлері арасында болған.

Ведомство төбелес қатысушыларының мемлекеттік қызметке қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Департаментте қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 3- бөлімі "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталғанын түсіндірді. Күдіктілер бірден қолға түскен. Олар ҚР ҚІЖК 128- бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа да ақпараттар анықталуда.

Айта кетейік, Жамбыл облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың белең алуына байланысты халықты ескертіп, хабарландыру жасады.

Ескерту! Видеода азаптау белгілері мен бейәдеп сөздер бар. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті келіншектерге және жүйке жүйесі әлсіз жандарға көруге кеңес берілмейді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде Ақтөбедегі "шенеуніктер" төбелесінің видеосы тарады
Mailfire view pixel