Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік банк Қытай салдарынан болатын жаңа дағдарысты болжады

Опубликовано:

Соңғы рет жаһандық қаржы дағдарысы 2008 жылы күллі әлемді жаулады. Одан тек бес жыл өткен соң шығу мүмкін болды. Сол сәттен кейін көп уақыт өтпесе де, Дүниежүзілік банктің сарапшылары барлық рекордтарды жаңартатын жаһандық дағдарысты болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүниежүзілік банк Қытайдың салдарынан болатын жаңа дағдарысты болжады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Заманауи экономикалық құбылыстарды талдау Дүниежүзілік банктің сарапшыларын абдыратып қойды. Сараптама қорытындыларына сәйкес, жақындап келе жатқан дағдарыс бұрын-соңдылардың ішіндегі ең күштісі болмақ.

Сарапшылардың сөзінше, бұл жердегі шешуші фактор - мемлекеттік және жекеменшік компаниялар арасындағы қарыздардың өсімі. Қазіргі таңда қарыздың мөлшері 246 триллионов долларды құрады. Бұл сан әлемдік ВВП-ды (тауарлар мен қызметтерге бағалардың экономикалық көрсеткіші - ред.) үш есе басып озып отыр.

Дүниежүзілік банк өкілдері ең ірі қарыздың Қытайға тиесілі екенін атап өтті. Соңғы он жылда ол шамамен төрттен үшке (255 пайызға дейін) өсті. Жалпы қарыз шамамен 20 триллион долларды құрайды.

Осы онжылдықта Пекин "Қытайда жасалған - 2025" стратегиялық бағдарламасын іске қосты, оның аясында Қытай шетелден компанияларды ала бастады. Бұл әрекетті жүзеге асыру үшін жергілікті кәсіпкерлер ақша алуға мәжбүр болған еді. Нәтижесінде, өткен жылы жеке сектордағы қарыз көлемі 3,8 пайызға өсті.

Несиелер мемлекеттік компаниялардан емес, "көлеңкелі банкинг" өкілдерінен алынды. Халық арасында несиелер тым көп болғандықтан, жалпы ереже бойынша оларды одан көп беруге тыйым салынған.

Дәл осы себептен банктер өз стратегияларын аздап өзгертіп, оларды басқарған және банк сияқты несие берген делдалдарға ақша бере бастады. Әдетте, ақша берушілер мен брокерлер делдал болған.

Осы онжылдықтың басынан бастап "көлеңкелі банкинг" жүйесі өзінің индикаторлары бойынша мемлекеттік секторды басып озды - клиенттер қолайлы жағдайлар алудан пайда көруде, ал экономика одан қатты зардап шегуде. Бұл "көлеңкелі сала" Қытайдың қарызын күннен-күнге өсіруге мәжбүр етеді деп жазады РИА Новости.

Қазіргі уақытта елдегі "көлеңкелі банкинг" компанияларының қарызы 7 трлн долларға жетті және өсуін жалғастыруда. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, бұл фактор 1997 жылы болған ірі дағдарысты басып озатын жаңа жаһандық дағдарыстың дамуына ықпал етеді..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1834128-dniezzilik-bank-kytajdy-saldarynan-bolatyn-zaa-dagdarysty-bolzady/

pixel