RU

Исламхан 3 млн еуро: Қазақстандағы ең қымбат футболшыларды білесіз бе

Telegram logo VKontakte logo

Еліміздегі ең қымбат 15 футболшының рейтингі жасалды. Тізімді Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан бастап тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz: UGC

Рейтингті KazFootball сарапшылары футболшылардың нарықтағы бағасы негізінде құрап шығарды.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат ойыншы болып танылды.

Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрады.

Екінші орынды елордалық "Астана" клубында доп бірге доп тепкен Дмитрий Шомко мен Роман Мұртазаев бөлісіп тұр.

Олардың бағасы Исламханға қарағанда жарты миллион еуро арзан.

Алматылық "Қайрат" сапында ойнаған Исламбек Қуат 2 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына жайғасқан.

Үздік бестікті "Ордабасы" қақпашысы Дмитрий Непогодов қорытындылап тұр.

Футболшының нарықтағы бағасы 1,8 млн еуроға тең.

Қазақстан ұлттық құрамасының ең қымбат 15 футболшысының тізімін "Астана" сапындағы Юрий Перцух қорытындылап тұр.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ: Depositphotos

Еске сала кетсек, осыған дейін 2019 жылы бағалары айтарлықтай төмендеген футболшылардың тізімі жарияланған болатын.

Тізімді Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо бастады.

Ал мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Марсело екінші орында тұр.

Үштікті испаниялық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Иван Ракитич түйіндеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Исламхан 3 млн еуро: Қазақстандағы ең қымбат футболшыларды білесіз бе