Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Имамдарға Жаңа жылды тойламау туралы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды

Опубликовано:

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Жаңа жыл мерекесіне орай бұйрықтар таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg-қа сілтеме жасап хабарлады.

Қырғызстанда имамдарға Жаңа жылды тойламау туралы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
Мүфтиятта атап өтілгендей, діни қайраткерлер мемлекеттің ұлттық заңнамасында бекітілген ресми мерекелерге қарсы үгіт-насихат жүргізбеуі тиіс.

ҚМДБ бұйрықтың орындалуын барлық мүфтият құрамындағы қызметкерлерден талап етті.

Бұйрық әлеуметтік желілерде Жаңа жыл мерекесін тойлауға қатысты пікір-таластар пайда болғаннан кейін жарияланды. Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, бұл мұсылмандардың мерекесі болмағандықтан, қырғызстандықтар үшін Жаңа жылды тойлауға тыйым салыну керек.

Айта кетейік, елімізде әрбір өңірде Жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны туралы хабарлаған едік.

Анықталғандай, Ақтөбе облысында мерекені безендіру үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлу қарастырылған.

Басқа қалалармен салыстырғанда бұл көрсеткіш ең жоғарғы болып табылады. Биліктегілер бұл қаржыға бірнеше шырша орнатпақшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жыл қазақстандықтар үшін ауыр аяқталды. Алматыда ұшақ апатының болуына байланысты президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834136-imamdarga-zaa-zyldy-tojlamau-turaly-git-nasihat-zrgizuge-tyjym-salyndy/

pixel