Выйти
RU

Скляр Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Вице-премьер Роман Скляр 27 желтоқсанда Алматыда апатқа ұшыраған ұшақ бортының қара жәшігі қандай жағдайда екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роман Скляр. Фото: ОКҚ

Роман Скляр. Фото: ОКҚ

Склярдың айтуынша, борттың қара жәшігі кеше Мәскеудегі Мемлекетаралық авиация комитетіне берілген. Оларды көрші елге қазақстандық мамандар жеткізген.

Оның сөзінше, табылған үш құрал да жақсы жағдайда болған. Сол себепті, шенеунік оларды шешуде ешқандай мәселе болмайды деп үміттенеді.

Мемлекетаралық авиация комитеті Қазақстан үкіметіне шешу жұмыстарын мереке күндері жүргізуге, зерттеудің алдын ала нәтижесін 10 қаңтарға дейін жариялауға уәде берген.

"Бек эйр" компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды, мұны құрылған Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шешеді. Зерттеу қорытындысына сәйкес барлық қажетті шаралар қабылданады. Мен Тоты Әмірованың жазбаларына пікір білдіргім келмейді. Өздеріңіз білетіндей, ол жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды. Алайда Fokker-100 ұшақтарына барлық сертификатты бас мемлекеттік инспектор ретінде дәл соның бергенін айта кеткім келеді", - деді маман.

Бұған дейін ОКҚ өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Берік Қамалиев ұшуға жарамдылық сертификатына Тоты Әмірованың қол қойғанын хабарлады.

"Дәл сол кезеңде бұл заңсыз болды деп айтқым келмейді. Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істеген Мемлекеттік инспекторлар әуе компаниясының қызметін тоқтатты. Алайда компаниялар ребрендинг өткізіп, БСН-ді өзгертіп, дәл сол құраммен және дәл сол ұшақтармен тасымалдаушы куәлігін алуға тырысқан жағдайлар да болды.

Және сол кезде министрліктің басшылары ретінде жалған болғандықтан біз бұл куәліктерді қайтадан тоқтаттық. Сондықтан, осы жағдайға немесе басқа дәрежеге қатысты барлық адамдар жауапқа тартылады. Егер мұндай анықталса, Азаматтық авиация комитетінің өкілдері де бар. Зерттеу нәтижесінде алынған барлық деректер жарияланады, ешкім ешкімді қорғаштамайды деп сіздерді сендіргім келеді", - деп түйіндеді Скляр.

Айта кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов министрлер кабинетінің ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына өтемақы төлеуді қарастыратын қаулысы қабылданғанын хабарлаған еді.

Үкімет Алматыдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына 4 млн теңге төлеуге шешім қабылдаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Скляр Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі жайлы айтты
Mailfire view pixel