Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясаткер: Bek Air басшылығы халықтан кешірім сұрауы керек

Опубликовано:

Саясаткер, Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі Ерлан Саиров Bek Air компаниясының басшылығы халықтан кешірім сұрауы керек деп санайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саясаткер: Bek Air басшылығы халықтан кешірім сұрауы керек
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов: UGC

Саясаткер жексенбі күні "Ұятсыздық. Арсыздық" тақырыбымен Facebook парақшасында жазба қалдырды.

Саясаткердің сөзінше, Bek Air әуекомпаниясының басшылығы екі күннен бері Алматыда болған апат үшін халықтан кешірім сұрауы керек еді.

"Бек-Эйр" компаниясының басшылығы халықтан екі күннен бері кешірім сұрауы керек еді. Халықтан! Олардың кесірінен біз бауырларымыз бен қарындастарымыздан айырылып отырмыз. Бұл біздің халқымыздың дәстүрлеріне және жаһандық дағдарысты басқаруға сәйкес келетін қарапайым мінез-құлық моделі. Соған қарағанда мәдениет жоқ секілді. Өкінішіті, өте өкінішті", - деп жазды Саиров.

Оның пікірінше, басшылықтың мұндай әрекеті "олардың ар-ұятқа немқұрайлы қарағандарын" көрсетеді екен.

"Күтіп жүрмін, кешірім сұрағандарын күтіп келемін. Олардың "ар-ұят" дегенді ұмытқандары көрініп тұр", - деп есептейді ҚР президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

Саировтың пікірінше, бұл мәселеде "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрсетілген қызметтердің сақталуына жауап беретін компанияның акционерлері мен серіктестіктің басшылары қатаң жазалануы қажет".

Қазіргі таңда Bek Air атынан "апаттан жапа шеккендердің жақындарына қайғыра көңіл айттылды". Сонымен қатар, әуекомпания қазақстандықтарға көңіл айтып, "рейстермен туындаған қиындықтарға" қатысты кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні Bek Air әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Жантүршігерлік апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев Bek Air ұшағының апатқа ұшырау кезінде жанармай багы тесілген сол жақ қанаттың қалай өртке оранбағанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834161-saasatker-bek-air-bassylygy-halyktan-kesirim-srauy-kerek/

pixel