Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев Алматыдағы ұшақ апатына себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады

Опубликовано:

Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласы маңында "Bek Air" ұшағының апатқа ұшырауының үш нұсқасын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев қазіргі уақытта министрліктің тергеу тобы әуе апатын тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Ол қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Біріншісі – экипаж қателігі, екіншісі – борттың техникалық ақауы, үшіншісі – навигациялық қызметтің жұмысы.

Осылайша, тергеу Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің қателігін жоққа шығармайды.

Министр құлаған лайнерді тексеру жұмыстары әлі аяқталмағанын жеткізді.

Оның түсіндіруінше, ұшақ Алматы әуежайына жеткізіліп, тергеу толығырақ жүргізіледі.

Осыған дейін ауа райының қолайсыздығы да оқиғаның бір нұсқасы ретінде қарастырылды.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834167-trgymbaev-almatydagy-sak-apatyny-s-nskasyn-atady/

pixel