RU
Алматыдағы ұшақ апаты кезінде неге өрт шықпады

Алматыдағы ұшақ апаты кезінде неге өрт шықпады

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты: Еліміздің бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев Bek Air ұшағының апатқа ұшырау кезінде жанармай багы тесілген сол жақ қанаттың қалай өртке оранбағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ

Оның сөзінше, жанармайдың 50% әуе кемесінің астына қарай ағып кеткен. Одан бөлек, қыс мезгілі мен қардың болуына байланысты ұшақта өрт шықпаған. Министрдің айтуынша, бұл қаза тапқандар санының аз болуына мүмкіндік жасаған.

Министр медициналық мекемелерде 46 адамның емдеу курсынан өтіп жатқанын хабарлады. Сегіз адам оқиға орнында, екеуі Алматы әуежайында, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген бетте қайтыс болған.

Тұрғымбаевтың айтуынша, оқиғаның мән-жайын шетелдік сарапшылар анықтауда. Қара жәшік Ресей астанасына жіберілген.

Құлаған Fokker-100 ұшағын дайындаған нидерландиялық мамандар Қазақстанға келген.

Министр аз уақытта барлығын егжей-тегжейлі анықтау мүмкін еместігін ескертіп айтты. Сол себепті күтуге тура келеді. Тұрғымбаев нақты күнді атамады.

Сондай-ақ, ІІМ басшысы болған жағдайдың нақты не себепті болғанын анықтайтын бірнеше сараптаманың тағайындалғанын хабарлады.

Қазір вице-премьер Роман Скляр бастаған үкіметтік комиссия құрылған. Онда авиациялық қызмет және құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

Айта кетсек, бұған дейін вице-премьер Роман Скляр 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі қандай жағдайда екенін айтып берген еді.

Склярдың сөзінше, борттың қара жәшігі кеше Мәскеудегі Мемлекетаралық авиация комитетіне берілген. Оларды көрші елге қазақстандық мамандар жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel