RU
Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Үкіметтің қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ол Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Дәуленов еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

Әр түрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген.

2012 жылғы тамызда "Қазақ Гуманитарлық Заң университеті" АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2015-2018 жылдары — Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының директоры болды.

Еске сала кетсек, білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғари өз қызметінде қанша жалақы алатыны жөнінде мәліметпен бөліскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel