RU

Алматыда белгісіз біреу ұшақ апатынан қаза тапқандарға қойылған гүлді алып кетпек болған

Алматыдағы ұшақ апаты: Қала тұрғыны 27 желтоқсанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың рухына бағышталып қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болған. Дәл сол уақытта оқиға орнына таяу жерде жүрген фотограф Вячеслав Батурин қаскөйді суретке түсіріп, оны тоқтатып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгісіз біреу ұшақ апатынан қайтыс болғандардың рухына бағышталған гүлдерді алып кетпек болған
Фото: Facebook / Вячеслав Батурин: UGC

Алматылық фотограф сәтсіз аяқталған ұрлық оқиғасын Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында баяндап берді.

Батуриннің айтуынша, ол белгісіз адамның ниетін бірден түсіне қоймапты. Бір қарағанда, ол құлаған ұшақ құрбандарын еске алу үшін гүл шоқтарын қоюды қалайтын сияқты көрінген екен.

Алайда, біраз уақыттан кейін сурет "кейіпкері" бірнеше гүл шоғын қолына алып, оларды белгісіз жаққа әкетіп бара жатқан.

Вячеслав Батуриннің әңгімелеуі бойынша, ол қаскөйге гүлдерді алып кетуге жол бермеген.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан Bek Air компаниясының ұшағы құлады. Жантүршігерлік оқиғаның салдарынан 12 адам жан тәсілім етті.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834186-almatyda-belgisiz-bireu-sak-apatynan-kaza-tapkandarga-kojylgan-gldi-alyp-ketpek-bolgan.html