Выйти
RU

Алматыдағы ұшақ апаты: Бортсеріктерден де жауап алынуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты: бүгін Ерлан Тұрғымбаев тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқандығын мәлімдеді. Ішкі істер министрі мамандар алдын ала қорытынды бере алатын уақытты жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тұрғымбаевтың айтуынша, тергеудің алдын ала қорытындысы он күннен кейін белгілі болады.

Қазіргі уақытта бес-алты сараптама тағайындалған.

Министр бір бортсеріктің жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.

Ұшақтың артқы жағында болған екі бортсеріктен жауап алынуда.

Тұрғымбаев тергеудің мән-жайын жария ете алмайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін үш нұсқаны атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы ұшақ апаты: Бортсеріктерден де жауап алынуда
Mailfire view pixel