RU

Жаңа жылдан бастап мас күйінде жол апатын жасағандар он жылға сотталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Енді мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік жүргізушілер түрмеге тоғытылуы мүмкін. Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев бұған дейін түзетулерге қол қойған. Сол себепті 2020 жылдан бастап жүргізушілерге абай болу керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: kolesa.kz

Фото: kolesa.kz

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша еліміздің заңы арқылы мас күйінде жол-көлік ережесін бұзғандарға жеке бап енгізілді.

"Қазан айында Алматыда өткен жиналыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік айдағандардың жазасын күшейтуді тапсырды. Оларды түрмеге отырғызып, айыппұлын өсіріп, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыруды ұсынды. Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталады. Салдарынан болатын жол-көлік апатынан биыл мыңнан астам адам жарақат алды, біразы қаза тапты. Сондықтан, Қылмыстық кодекске жаңа бап (ҚК 345-1-бабы) енгізіп отырмыз", - деді ол.

Бас прокурордың орынбасары бүгінге дейін алкогольді ішімдікке мас жүргізуші мен сау жүргізушілерге ортақ бір норма қолданылып келгенін айтты.

"Ішімдікке мас жүргізуші кесірінен адам өлімі орын алса, ауыр қылмыс саналады және тараптардың ымыраға келуіне тыйым салынады. Айыпты адам 10 жылға дейін абақтыға қамалып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін", - деді Ахметжанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін мұғалімнің мәртебесін көтеретін жаңа заң жобасы сенатта мақұлданған болатын. Оған сәйкес, мұғалімді балағаттап, құқын бұзғандар айыппұл төлеп қана қоймай, тіпті әкімшілік қамауға да алынуы мүмкін.

Сондай-ақ, парламент педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды мақұлдаған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңа жылдан бастап мас күйінде жол апатын жасағандар он жылға сотталуы мүмкін
Mailfire view pixel