RU

Головкин-Альварес реваншы онжылдықтағы үздік бес жекпе-жектің тізіміне енді

1909 жылы жарық көрген көне Boxing News басылымы өткен онжылдықтың ең үздік бес жекпе-жегін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Getty Images

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванштық кездесу аталған рейтингтің төртінші орнын иеленді.

Айта кетейік, атылмыш жекпе-жек 2018 жылғы 15 қыркүйекте өтіп, төрешілер шешімімен "Канелоның" пайдасына шешілген болатын.

"Қазіргі дәуірде мұндай деңгейдегі екі боксшының 36 минут бойы артқа шегінбей, бір-бірімен соққы алмасқаны сирек кездесетін жағдай. 2017 жылғы кездесудегі тең нәтижеден кейін "Канело" реваншта өзін жақсы қырынан таныта білді. Жақсы қимылдап, Головкинді қателесуге итермеледі. Бірақ GGG-да керемет жұдырықтасты. Тартысты өткен 12 раундтық кездесу екеуінің де пайдасына шешілуі мүмкін еді", – деп жазды Boxing News журналы.

Басылым нұсқасы бойынша онжылдықтың ТОП-5 жекпе-жегі төмендегідей:

1. Энтони Джошуа - Владимир Кличко (жеңімпаз – Джошуа ТКО11, 29 сәуір 2017 жыл)

2. Хуан Мануэль Маркес - Мэнни Пакьяо (жеңімпаз – Маркес КО6, 8 желтоқсан 2012 жыл)

3. Наоя Иноуэ - Нонито Донейр (жеңімпаз – Иноуэ ұпай санымен, 17 қараша 2019 жыл)

4. Геннадий Головкин - Сауль Альварес II (жеңімпаз – Альварес ұпай санымен, 15 қыркүйек 2018 жыл)

5. Срисакет Сор Рунгвисаи - Роман Гонсалес (жеңімпаз – Рунгвисаи ұпай санымен, 18 наурыз 2017 жыл).

Еске сала кетейік, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші кездесу 2020 жылы өтетінін мәлімдеді.

Осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның арасындағы кездесу жоспарланған уақыттан кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Жекпе-жек уақытының өзгергені туралы Шереметаның промоутері мәлімдеді. Оның сөздерін польшалық RingPolska басылымы жариялады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834206-golovkin-alvares-revansy-onzyldykty-zdik-bes-zekpe-zegi-tizimine-endi.html