Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air әуе компаниясының құрылтайшылары белгілі болды

Опубликовано:

27 желтоқсан күні апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағының Bek Air әуе компаниясына тиесілі екені белгілі. Әділет министрлігі көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, аталған компанияның құрылтайшыларын атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: otrar.kz
Фото: otrar.kz: Facebook

Министрлік бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен деректер келтіріп өтті. Соған сәйкес, "Bek Air" ЖШС 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген екен. Компания басшысы – Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы – Жарқымбаев Сәкен Тоқпайұлы.

2017 жылғы 18 сәуірде құрылтайшының ауысуына орай компания қайта тіркеуден өткен. Жаңа құрылтайшысы - Шүленбаев Дамир Маратұлы болған.

2013-2019 жылдар аралығында басшылық үш рет ауысқан: Айгүл Жұмасұлтанованың орнына Дина Жұмасұлтанова келген. Ал 2019 жылғы 25 сәуірде оны Рустам Бияхметов алмастырған.

Ал сенбі күні ОКҚ-да өткен брифингте индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев әуе компанияның құрылтайшысы Нұрлан Жұмасұлтанов екенін хабарлады.

Бүгін үкімет кулуарында әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдегендей, құрылтайшылар мен басшылардың жеке заңды тұлға ретінде ауысуында түрған ештеңе жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Жұмасұлтанов ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану бойынша инженер-механик.

Авиациялық техник, инженер болып жұмыс істеген, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде, президент күзеті қызметінде және ұлттық қауіпсіздік қызметінде болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде авиациялық апаттар мен оқиғаларды тергеу басқармасын басқарған.

Алайда, қоластындағы қызметкерінің құқық бұзушылығы үшін өз еркімен қызметінен кеткен.

Бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының үш нұсқасын атады. Сондай-ақ ол лайнердің апатқа ұшырау кезінде жанармай багы тесілген сол жақ қанаттың қалай өртке оранбағанын айтып берді.

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 27 желтоқсанда бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834218-bek-air-ue-kompaniasyny-kryltajsylary-belgili-boldy/

pixel