RU

Үлкен гүл шоғымен суретке түскен Ерке Есмахан елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әнші Ерке Есмахан желіде алып раушан гүлдер шоқтарын құшақтап тұрған суретімен бөлісіп, өткен жылға қорытынды жасады. Алайда, көпшілікті әншінің 2019 жылы не жұмыс жасағанын гөрі, үлкен гүл шоғын сыйға тартқан адам кім екені қатты қызықтырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan/zholanova_gulnaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/erke_esmahan/zholanova_gulnaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өнер иесі раушан гүл шоқтарымен түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған. Суреттің астына ол 2019 жылды қорытындылап, өзін-өзі мақтады.

"Өтіп бара жатқан жылға көз жүгіртіп, артқа қарап едім, "Ерке, жарайсың" - деп өз өзіме риза болып отырмын! Келер жыл бұдан да күшті боларына сенімім мол! Барлығына Аллаға сансыз шүкір! Әр қазағым аман болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Әр сынақтың артына жеңілдік әкелсін! Ал, ең жаман қызыңыз мендей болсын" , - деп жазды әнші.

Айта кетерлігі, Еркенің көйлегі гүл шоқтарымен түстес болған. Екеуі де алқызыл түсті.

Өз кезегінде желідегілер бірден өнер иесі ұстаған гүл шоғына қызығып, оны кім сыйлағанын білуге ниеттенді. Олар әншіні сұрақтың астына алған.

"Ерке сен де, гүлдерің де керемет" , "Сен бұдан да үлкен гүл шоғына лайықсың" , "Кім сыйлады екен?" , "Сүйіктіңіз сыйлады ма? Әлде біреудің гүлдері ме?" , "Тамаша, Ерке келер жылы бақытыңды табасың деген үміттеміз" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның жазбасы желіде шу тудырғанын жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үлкен гүл шоғымен суретке түскен Ерке Есмахан елді қызықтырып қойды (фото)
Mailfire view pixel