RU
Атышулы шалқарлықтар жаяу жүрген Мейрамбек Айнағұловқа көлік мінгізді (фото)

Атышулы шалқарлықтар жаяу жүрген Мейрамбек Айнағұловқа көлік мінгізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін қазақ спортына жанкүйер болып жүрген шалқарлық азаматтар жерлестері балуан Мейрамбек Айнағұловқа темір тұлпар мінгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

60 келі салмақта 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшы жерлестерінің тосын сыйына риза.

"Жаңа жыл алдындағы жерлес ағаларымның тосын сыйы мерейімді өсіріп тастады. Күтпеген жағдай. Осы сәтті көрсін деп, әкемді жұбайымды ерте келдім. Жерлестерімнің қолдауын осыған дейін де көріп жүрмін. Қамқор ағаларым - менің бағым болар. Қазақ еліне алғысым шексіз. Ендігі мақсат - алдағы Олимпиадада қазақ елінің көк туын желбірету.  Барлық уақытымды жаттығуға арнап жүрмін",-дейді Мейрамбек Айнағұлов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Спортшыға көліктің кілті табысталып, байғазы да берілді. Мейрамбек жақында анасының жылын өткізген. Әкесі ел азаматтарына алғысын айтты.

"Баламды 8 жасынан спортқа баулыдым. Оның жетістігі елге абырой әкеліп жатқаны қуантады. Тек тіл көзден аман болып, елдің баласы болып жүре берсін. Қазақтың көк туын желбіретіп жүрген бір ұлдың біздің отбасымыздан шыққанын мақтаныш етеміз.
Ал көлік мінгізіп, ұлымды қуантып жатқан жатқан азаматтарға алғысым шексіз. Оларды Алла қуантсын ", - дейді Мырзағали Айнағұлов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

25 жастағы жас балуанның жұбайы Мейрамбектің жекпе-жектерін тек жарыстан кейін қарайтынын жасырған жоқ.

"Бәрі де керемет. Жерлестеріміздің тосын сыйына отбасымызбен қуанып қалдық. Мен жолдасым жекпе-жекке шыққанында амандығын тілеп үйде қаламын. Маған тікелей эфирді қарау қиын. Жарыс біткеннен кейін қайталап қараймын", - дейді чемпионның жұбайы Гүлзат Қойшығарина.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, Мейрамбек Айнағұлов осымен екінші рет күрестен әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр. Ол 2017 жылы Парижде өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Еске сала кетсек, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев алдағы Токио олимпиадасында жүлдеден үміт күтіп отырған спортшыларды атаған еді.

Олардың қатарында Мейрамбек Айнағұлов та бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel