RU

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға жаңа басшысы тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдың басқарма төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген.

1997 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетін (Мәскеу қ., РФ) – ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (Алматы қаласы).

2018 жылы "IBS Astana" и "EU" және Халықаралық бизнес мектебін тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

  • 1993 – 1994 жж. – 5ші ЖПУ жұмысшы, Мәскеу қаласы;
  • 1994 – 1995 жж. – Су №19 1-ші разрядты жұмысшы, Мосинжстрой ММК, Мәскеу қаласы;
  • 1998–1999 жж. – ҚР ККМ Мемлекеттік авиациялық регистрінде әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы, Алматы қаласы;
  • 1999 – 2001 жж. –"Қазавиасертификация" ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім бастығы, Алматы қаласы;
  • 2001-2002 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 2002 – 2003 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
  • Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу бөлімінің бастығы;
  • 2003 – 2008 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
  • Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу басқармасының бастығы, Астана қаласы;
  • 2008 – 2010 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы, Астана қаласы;
  • 2010 – 2014 жж. – Қазақстан президентінің Іс Басқармасы Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;
  • 2014 –2015 жж. – "Airport Management Group"; ЖШС Бас директорының орынбасары (ҚР әуежайларды басқарушы компания);
  • 2015 – 2019 жж. – "Астана халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор;
  • 2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды;

"Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, Қазақстан президентінің және басқа да мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған.

2015 жылы "Құрметті авиатор" төс белгісімен марапатталған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

Еске сала кетейік, бүгін үкіметтің қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға жаңа басшысы тағайындалды
Mailfire view pixel