RU

"Өз келісімі болуы керек": Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қалай қайтаруға болатынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

27 желтоқсан күні Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын. Бас прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматын елге қайтару үшін не істеу керектігін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: 24.kz

Фото: 24.kz

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов үкімнің заңды күшіне енгенін күту керектігін жеткізді.

Айтуынша, одан кейін жазаны өз елінде өтеуі үшін Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару шараларына кірісуге болады. Алайда, оған Тұрлыбайдың өз келісімі керек.

"Қазақстан мен Қытайдың арасында тиісті келісім шарт бар. Сол шарт бойынша жұмыс істейміз. Сот үкімі шыққанымен заңды күшіне енуі керек. Содан кейін өкілетті орган – прокуратура, яғни біз қалған жазасын Қазақстанда өтеуге мүмкіндік жасаймыз. Келісім шарттың негізінде сұрау саламыз. Әрине, Ақжарқынның өз келісімі болуы керек. Қазақстанда қалған жазаны өтеуге келісіп, өтініш берсе, жұмыс істейміз", – деп түсіндірді Ахметжанов.

Бұған дейін 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында есірткі тауарларының контробандасы үшін айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрғынбайға қатысты қылмыстық істің үкімі оқылды.

Қызды қорғаушы тараптың мәліметінше, Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол 4,5 келі есірткі контробандасы үшін айыпталды.

Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Қытай соты оны өмір бойы бас бостандығынан айырды. Бірақ, кейіннен істі қайта қарауға жіберіп, үкімді жойды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өз келісімі болуы керек": Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қалай қайтаруға болатынын айтты
Mailfire view pixel