RU
Үйіне Bek Air ұшағы құлаған азамат қазақстандықтарға үндеу жасады

Үйіне Bek Air ұшағы құлаған азамат қазақстандықтарға үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Алматы маңында Bek Air ұшағы құлаған үйдің иесі Решет Қалибек қазақстандықтарға үндеу жасап, ешкімнен ештеңе сұрамайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Үйіне Fokker 100 ұшағы құлаған ер адам қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Решет Қалибек мұндай жағдай болады деп мүлдем ойламапты.

"Содан бері күйзеліс үстінде жүрдім. Өтемақы, ақша туралы ойлайтын уақыт та болған жоқ. Мен әуелі өтемақысын бірінші ойлайтын адам болсам қалада барлық органға жүгініп, заңгер жалдап шапқылап жүрер едім. Бірақ мен ештеңе де істемедім", - деді үйдің егесі.

Ал апат болған кезде үйінің үстіне ұшақ құлағанын бірінші болып 27 желтоқсанда таңғы уақытта көршісі хабар берген.

Решет Қалибек үйдің ендігі тағдыры қалай боларын тіпті ойламағанын да айтып отыр. Сонымен қатар ер азамат ол жақта ештеңе болмағандай тұра беретіндей жүрексіз емес екендерін атап өтті. Тіпті "үйіңе кел, есептейміз, қол қоясың" дегеніне де бармаған.

Айта кетейік, Решет Қалибек 2006 жылы Қытайдан көшіп келген. Ал ұшақ құлаған үйді ол 2014 жылы салып бастаған. Сол уақытта үй салуға болады деген жер учаскесін ол 16 мың долларға сатып алған екен. Баспананың өзін салып бітіргенімен, қаржылай қиындықтар болғандықтан коммуникация: жарық, су жеткізе алмапты.

Бүгінде ер адам жұбайымен және баласымен Шелекте үй жалдап тұрып жатыр.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Бүгін Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

Сондай-ақ компания басшысы ұшақ үйге соғылмаған кезде бәрі аман болар еді деген пікірін де айтты.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
10
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel