RU
Сегіз қырлы бір сырлы Түрікменстан президенті циркте өнер көрсетті (фото, видео)

Сегіз қырлы бір сырлы Түрікменстан президенті циркте өнер көрсетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халықаралық ақалтеке ат спорты кешенінде болып, акробаттардың өнерін тамашалады. Содан соң өзі де тұлпарды тізгіндеп, манежді бірнеше рет айналып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lb.ua-ға сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды

Кадрлар видеодан алынды

Жергілікті Altyn Asyr телеарнасы жаңалықтарының алғашқы 15 минуты циркке барған Түркіменстан президентіне арналды.

Бердімұхамедов "Галкыныш" ұлттық ат ойындары тобының жаттығуын тамашалаған. Іс жүзінде бұл бір адамға арналған толыққанды қойылым болды.

Президент шабандоздармен әңгімелесіп, оларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті. "Елеулі жетістіктері үшін" берілген 50 мың доллар сыйақы – "Галкыныш" тобы үшін басты тосын сый болды. Топ ұжымындағы балалар мемлекет басшысына тақпақтар оқып берді. Ал президент оларға өзінің "Ровач" рэп-композициясы (Ровач атты сәйгүлік туралы) жазылған дискті сыйға тартты.

Бұдан кейін ұжым жетекшісі Пыгы Байрамдурдыев президентке Ак ёл (аудармасы – ақ жол) атты асыл тұқымды тұлпарға мініп көруді ұсынды. Бердімұхамедов сәйгүлікті тізгіндеп, менежді бірнеше рет айналып шықты.

Айта кетейік, көктемде гитарамен рэп оқыған Түркіменстан президенті жұртты өз өнерімен тағы бір таңғалдырған болатын.

Мемлекет басшысы Ровач атты ақалтеке тұқымды құлын туралы рэп оқыды. Ол бұл өнерін түркімен жылқысы ұлттық мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel