RU

Қазаэронавигация Алматыдағы әуе апаты жайлы: Ұшақтардың ұшып шығу интервалы бұзылмаған

"Қазаэронавигация" РМК Алматы маңындағы "Бек Эйр" әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатына байланысты ақпарат таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

"Қазаэронавигация" РМК Алматы маңындағы ұшақ апатынан көз жұмғандардың туған-туыстарына көңіл айта отырып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейді.

Қазіргі таңда БАҚ-та "Бек Эйр" ұшағының бұрын ұшып шыққан әуе кемесінің бағыттас ізіне түсіп кеткені туралы ақпарат тарады", - деп хабарлайды компаниядан.

"Қазаэронавигация" РМК тарапынан аталмыш әуе апатының тұспалды себептеріне қатысты пікір білдіру көзделмеген көрінеді.

"Алайда жоғарыда аталған әрі шындыққа жанаспайтын ақпаратты оқи отырып, келесі жайды баян етуге тура келіп тұр: Фоккер-100 әуе кемесі және оның алдында ұшып кеткен Аэробус А-321 ұшағы 136 тонналық салмақты көтере алады. Тиісінше, орта деңгейдегі әуе кемесі саналады. Қазақстан Республикасы көлік және коммуниция министрінің 2011 жылдың 16 мамырындағы Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы №279 Нұсқаулығының 186-бөлігінде көрсетілгендей, бір ұшу-қону жолағынан орта деңгейдегі әуе кемелерінің минималды ұшып шығу бойынша уақыт аралығы 1 минутты құрайды", - делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, елімізде бекітілген аралықтар жалпыәлемдік талаптар мен стандарттарға сай келеді.

Халықаралық әуежайларда да ұшып шығу мен қону аралықтары дәл осындай тәртіппен белгіленген.

"Объективті бақылау құралының материалдарына сәйкес, жоғарыда аталған әуе кемелерінің ұшып шығу аралықтары 2 минут болған. Тиісінше, аталған ұшақтардың ұшып шығу аралығында уақыт аралығы бойынша ешқандай бұзушылық болмаған", - делінген хабарламада.

Алматыдағы 27 желтоқсанда болған ұшақ апатына қатысты Bek Air әуе компаниясының өкілдері қатысты мәлімдеме жасаған болатын

Баспасөз мәслихаты кезінде компания қызметкері қайғылы жағдайға артынша ұшу тағы бір себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834245-kazaeronavigacia-almatydagy-ue-apaty-zajly-saktardy-syp-sygu-intervaly-bzylmagan.html