RU

Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы бапкері "Шахтерді" жаттықтыратын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Вячеслав Грозный қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы қарағандылық клубтың атқарушы директоры хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Вячеслав Грозный. Фото: Footboom.com/ Денис Руденко

Вячеслав Грозный. Фото: Footboom.com/ Денис Руденко

Вячеслав Грозныйдың тағайындалуы туралы Ерлан Оразаев өзінің Instagram парақшасында жария етті.

"Бүгін тәжірибелі украиналық маман Вячеслав Грозныймен бір жылға келісім шартқа қол қойдық. Вячеслав Викторовичтің Украина, Ресей, Болгария және Грузия клубтарымен жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған", – деп жазды Оразаев.

Айта кетейік, 63 жастағы маман Ресей мен Украинаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады. Сондай-ақ қазақстандық клубтармен де жұмыс істеген. Атап айтқанда, 2011-2012 жылдары "Тоболды" жаттықтырса, 2017 жылғы маусымда "Ертістің" бас бапкері болған.

Бұдан бөлек, Вячеслав Грозныйдың мәскеулік "Спартакты", грозныйлық "Теректі", тбилисилік "Динамоны", софиялық "Левскиді", сондай-ақ бірқатар украиналық командалады жаттықтырғанын айта кету керек.

Еске сала кетейік, KazFootball сарапшылары еліміздегі ең қымбат 15 футболшының рейтингін ұсынды.

Аталған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан көш бастап тұр. Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы бапкері "Шахтерді" жаттықтыратын болды
Mailfire view pixel