RU

Нурмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесінің кімге бұйырғаны белгілі болды

Telegram logo VKontakte logo

Қыркүйек айында жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нұрмагомедовтің жейдесі қайырымдылық аукционында 100 мың долларға сатылды. Бұл жейдені ол Дастин Порьемен жекпе-жектен соң киген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: fighttime.ru

Фото: fighttime.ru: Facebook

Қайырымдылық аукционында жейдені сатып алған адам аты-жөнінің құпия болып қалғанын қалапты. Алайад, 24 желтоқсанда RT Sport телеарнасының журналистері сол жейдені Ташкенттен тапқан.

100 мың долларлық жейде Өзбекстан президентінің күйеу баласы Отабек Умаровтың клубында ілініп тұр. Умаров – президент қауіпсіздігі қызметінің басшыларының бірі, Өзбекстан аралас жекпе-жек (MMA) қауымдастығының басшысы.

Ол журналистерге "Хабибтің жейдесін сыйлыққа алғанын" айтқан, бірақ оны сыйға тартқан адамның есімін атамауды жөн көрген.

Еске сала кетейік, 24 желтоқсан күні жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанның оңтүстік астанасына ұшып келді. ОЛ ММА бойынша турнирге мейман болып, алғы сөз сөйледі. Ресейлік спортшы өз сөзінде Қазақстанды екінші отанына теңеді.

"Бұл- біздің екінші отанымыз. Мұнда біреулерді жіберді, кейбіреулері көшіп келді. Қазақтар бізді өз бауырлары сияқты қабылдап, әрдайым қолдап жүрді",- деген Хабиб өз отанында "барлығы есте екенін және оны ешқашан ұмытпайтынын" тілге тиек етті.

"Сіздерге көп рахмет", -деді чемпион.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Нурмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесінің кімге бұйырғаны белгілі болды