Выйти
RU

Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына, теміржол көлігі мен газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты бірқатар заңдарға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

жасыл масыл

Фото: KAZ.NUR.KZ

Осылайша, президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Президент қол қойған тағы бір заң жобасы - "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Педагог мәртебесі туралы" заңға және оған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұғалімнің мәртебесі, студенттер мен оқытушыларға жүктемені азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды
Mailfire view pixel