RU

Ұшақ апатының құрбандарына арнап қойылған гүл шоқтарын әкетпек болған адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жақында болған ұшақ апатында қаза тапқандардың құрметіне қала тұрғындары қойған гүлдерді алып кетуге тырысқан белгісіз адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ құрбандарына арнап қойылған гүл шоқтарын әкетпек болған адам ұсталды

Фото: Facebook / Вячеслав Батурин, полиция Алматы

Оңтүстік астананың полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, ер адам қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін бес тәулікке қамалған.

Оның 37 жаста екені белгілі болды, бұған дейін ол осы бап бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 30 желтоқсан күні ер адам азық-түлік дүкенінің жанында мас күйінде ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында ол кінәсін толығымен мойындап, ескі әдеттеріне оралмауға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астананың тұрғыны Алматыда 12 адамның өмірін қиған ұшақ апатында қаза болғандардың құрметіне қойылған гүлдерді әкетуге тырысқаны туралы хабар тараған болатын.

Бұл туралы ұрлық жасауға жол бермеген тағы бір қала тұрғыны әңгімелеп берді. Айтуынша, ол белгісіз адамның ниетін бірден түсіне қоймаған екен.

Алайда кейіннен ер адам тәртіп бұзушыеы суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде ашулы жазба жариялады. Жазбаға пікір жазған оқырмандар да ер адамның әрекетін айыптады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұшақ апатының құрбандарына арнап қойылған гүл шоқтарын әкетпек болған адам ұсталды
Mailfire view pixel