Выйти
RU

Имиджін өзгерткен Роналду жұртты таңғалдырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Ювентус" командасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа жыл қарсаңында имиджін түпкілікті өзгертті. Танымал португалиялық футболшы енді шашын буып жүретін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Twitter/Skysport

Фото: Twitter/Skysport

Роналду ел алдына жаңа шаш үлгісімен шығып, көпшілікті таңғалдырды. "Ювентус" ойыншысы Дубайда өткен Globe Soccer Awards марапаттау шарасына қатысып, 2019 жылдың үздік футболшысы атанды.

Аталмыш шарада Криштиану өзгерген имиджін паш етіп, шашын буып келген. Жұлдызды шабуылшының жанкүйерлері оның жаңа шаш үлгісін бірден байқап, қызу талқыға салған.

Айта кетейік, бұған дейін Криштиану Роналдудың қазақстандық "Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбековпен кездескенін хабарлаған болатынбыз. Әйгілі шабуылшы 11 жастағы Әли Тұрғанбекпен көрісіп, онымен футбол ойнаған. Қазақстандық баламен Криштианудың ұлы да танысқан.

Отандасымыз португалиялық жұлдызға қазақстандық шоколад сыйласа, Роналду оған қолтаңбасы қойылған допты тарту еткен. Танымал аяқдопшы Әли кездесіп, ерекше шабыт алғанын жеткізді.

Оған қоса, бірқатар испаниялық БАҚ өкілдері Криштиану осы қыста "Реалға" оралатынын белсенді түрде хабарлауда. Олардың мәліметтеріне сәйкес, корольдік клуб президенті Флорентино Перес оны "Сантьяго Бернабеу" алаңына қайтып келуге көндірген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Имиджін өзгерткен Роналду жұртты таңғалдырды (фото)