RU
Ақтауда жұртты жаңа жылмен ерекше құттықтамақ болған жүргізуші айыппұл арқалады (фото, видео)

Ақтауда жұртты жаңа жылмен ерекше құттықтамақ болған жүргізуші айыппұл арқалады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда ерекше жаңажылдық автокөлік пайда болды. Қала тұрғыны Виталий өз көлігін түрлі түсті гирляндалармен безендіріп, осылайша халықты мерекемен құттықтамақ болған. Алайда, жол полициясы автокөліктің нөмірін шешіп, жүргізушіні жауапкершілікке тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

35 жастағы ер адам темір тұлпарын үнемі айтулы мерекелерге орай безендіріп, елдің көңіл күйін көтеруге тырысатынын жеткізді.

"Мысалы, биылғы 9 мамырда көлігімді соғыс жылдарындағыдай етіп безендірдім. Жаңа жылға ерекше бірдеңе ойлап табуды шештім, сөйтіп гирляндалар іліп тастадым. Адамдарға ұнайды, жүргізушілер сигнал беріп, жаяу жүргіншілер суретке түсіреді. Ал мен жай ғана адамдарға жағымды эмоциялар сыйлағым келеді", – дейді қала тұрғыны.

Жалт-жұлт еткен автокөлік жол-патрульдік қызметінің назарына ілінген.

"Мені полицейлер тоқтатып, құжаттарымды тексерді. Сосын басшылығымен байланысқа шықты, шамасы осындай күйде көшеде жүруге болатын-болмайтынын білсе керек. Олар қарсы болмаған көрінеді, сөйтіп мені жіберді. Ал кеше басқа жол полиция қызметкерлері тоқтатты. Олар артқы нөмірімді шешіп, 12 АЕК (30 300 теңге) айыппұл жазып берді. Егер жыл соңына дейін төлесем, 6 АЕК болады. Шамасы олардың көңіл-күйлері болмады", – дейді жүргізуші.

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде жылқыға мінген ер адамның ережені сақтап, көлік жолымен жүрген сәті тарап, көпшіліктің көңілін көтерген болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel