RU

Танымал журналист "Әлем ханымы" байқауында "Мінсіз әйел" атағын жеңіп алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

32 жастағы елордалық журналист Арай Әлімхан күллі әлем елдерінен тұрмыс құрған арулар қатысқан "Әлем ханымы" байқауында "Мінсіз әйел" титулын жеңіп алды. 96 нәзік жандының арасында Арай 13 орынды иеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал журналист "Әлем ханымы" байқауында "Мінсіз әйел" атағын жеңіп алды

Фото: instagram.com/aray_alimkhan/?utm_source=ig_embed

Тележүргізуші қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Арай мұндай жоғары нәтижеге шексіз қуанышты екенін жазып, жарыстың басты тәжіне ие болған "Мьянма ханымын" құттықтады.

Халықаралық сұлулық байқауында Арайдың Қазақстанның атынан шығатыны туралы хабар қыркүйек айында пайда болған еді.

Журналист ол кезде ұзақ уақыт байқауға қатысуға батылы жетпегенін мойындады. Себебі үлкен жауапкершіліктен қорыққан. Сонымен қатар Арай сыртқы келбеті байқаудың ережелеріне сай келмейді деп ойлаған екен.

Сондай-ақ, Арай жуырда екінші рет ана атанды. Бұл оның байқауға қатысудан бас тартуына тағы бір себеп болған.

Алайда келіншектің туыстары мен күйеуі оны қолдап, бағын сынап көруге шабыттандырыпты. Нәтижесінде жүргізуші қабылдаған шешімі үшін еш өкінбеген.

Айта кетейік, Арай Әлімхан Instagram әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы. Байқау кезінде оның оқырмандар саны үш жарым мыңға дейін өскен. Қазіргі таңда оның өмірін желіде 91,4 мың қолданушы бақылап отыр.

Келіншек жеке парақшасында бақытты отбасылық өмірдің сырын ашып, балалар тәрбиесіне қатысты түрлі кеңестер береді.

Еске сала кетейік, таяуда ғана Ұлыбритания астанасы Лондонда "Әлем аруы" байқауы аяқталып, бұл атақты 23 жастағы ямайкалық ару Тони-Энн Сингх иеленді.

Бойжеткен "Әлем аруы" сайысының тарихында Ямайка елінен тәж киген төртінші бикеш.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Танымал журналист "Әлем ханымы" байқауында "Мінсіз әйел" атағын жеңіп алды
Mailfire view pixel