Выйти
RU

Елордада Димаштың жанкүйерлері үшін арнайы мейрамхана ашылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас қаласы Нұр-Cұлтанда Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аса ерекше мейрамхана ашылды. Оған әлемді таңғажайып даусымен таңғалдырып жүрген талант иесінің фан тобының атауы берілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay

Фото: Instagram/askhatsadyrbay

"Dears" деп аталатын мейрамханаға алғашқылардың бірі болып танымал журналист Асхат Садырбай қонақ болып қайтқан.

Ол Димаш жакүйерлерінің атауымен ашылған ерекше орын жайлы өз ойын Instagram парақшасында жазған.

"Елордада Димаштың жанкүйерлерінің атауымен "Dears"рестораны ашылыпты. Астананың сол жағалауында орналасқан мейрамхана өте әдемі. Аспаздарының шеберлігіне де тәнті болдық. Қызметкерлері де сыпайы. Осыдан бірнеше күн бұрын барып, осының бәріне куә болып қайтқан едік. Сіздерге де баруға кеңес беремін. Кім біледі, мүмкін сол жерден әлем тамсанған Димашымыздың өзін де кездестіріп қаларсыз" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетерлігі, журналист желіде жариялаған суретке қарап, мейрамхана қабырғаларына Димаштың бейнеленгенін көруге болады.

Бұған дейін, Димаш Құдайберген Қытайдың үздік әртісі атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Әншіге марапаты Бейжіңде табысталды. Димаш өз сөзінде жылдың үздік әншісі марапатын алғанына өте қуанышты екенін жеткізген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада Димаштың жанкүйерлері үшін арнайы мейрамхана ашылды (фото)