RU

Месси 2019 жылдың үздік спортшысы атанды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығы (AIPS) футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Леонель Мессиді 2019 жылдың үздік спортшысы деп таныды. Ал әйелдер арасында бұл атаққа америкалық гимнаст Симона Байлз ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Леонель Месси. Фото: Getty images

Леонель Месси. Фото: Getty images

Жеңімпаздар AIPS мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Месси 13,11 пайыз дауыс жинаған. Сондай-ақ үздік үштікке кениялық жеңіл атлет Элиуд Кипчоге (12,01) мен испаниялық теннисші Рафаэль Надаль (9,38) кірген.

Өз кезегінде, америкалық гимнаст Симона Байлз 15,04 пайыз дауыс жинаған. Әйелдер арасында үздік үштікке америкалық футболшы Меган Рапино (13,51) және ямайкалық жеңіл атлет Шелли-Энн Фрейзер-Прайс (11,01) кірді.

Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының нұсқасы бойынша 2019 жылғы Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған англиялық "Ливерпуль" биылғы жылдың үздік командасы болып танылды.

Еске сала кетейік, Польша ұлттық құрамасы мен мюнхендік "Бавария" клубының шабуылшысы Роберт Левандовский 2019 жылдың ең көп гол соққан футболшысы атанды. Шабуылшы әлемге әйгілі Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды артта қалдырды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Месси 2019 жылдың үздік спортшысы атанды
Mailfire view pixel