RU

Қостанайда белгісіз біреу танымал пиццерияны тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында белгіз ер адам таңда "Додо пицца Қостанай" пиццериясына баса көктеп біріп, ірі сомада қаржыны иеленіп кеткен. Дәмхана қызметкерінің сөзінше, қаскөйдің қолында пышағы болған. Оқиғадан кейін тәртіп бұзушы бірден ізін суытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алау порталына сілтеме жасап.

Қостанайда белгісіз біреу пиццерияны тонап кетті

Көрнекі фото: pxhere.com

Оқиға 30 желтоқсанда таңғы 7-де болған. Ер адам "Додо пицца Қостанай" пиццериясына кіріп келген.

Пиццерия менеджері Замира Мендоякованың айтуынша, ер адам маска киіп, оны шамамен аң аулауға арналған пышақпен қорқытқан.

Десе де, ірі сомадағы қаржыны қалтасына басқаннан кейін тәртіп бұзышы бірден ізін суытқан.

Мендоякованың сөзінше, бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеген, пиццерия қызметкерлерінің барлығы дін аман.

"Ол ірі ақшаны иемденіп үлгерді. Аулалар арасында тығылып қалды. Біздің қызметкерлеріміздің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Біз Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұраным тастадық", - дейді Замира Мендоякова.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбедегі Бадамша ауылында дүкенші әйел кісі қолынан қаза тапқан болатын. Қарақшы оның сөмкесіндегі 40 мың теңгесін қолды қылған.

Сонымен қатар СҚО-да бетін тұмшалаған қарақшылар кәсіпкердің 170 млн теңгесін алып кеткен еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанайда белгісіз біреу танымал пиццерияны тонап кетті
Mailfire view pixel