RU

Қалыңдығының жездесімен көңіл жарастырғанын біліп қойған жігіт тойда оны масқаралады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда қалыңдығының өзіне опасыздық жасп жүргенін біліп қойған ер адам үйлену тойларында оның масқарасын шығарды. Ер адам сүйіктісін жасырын бейне бақылау камералары арқылы аңдып, салтанатты рәсім кезінде қонақтарға видеоны көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рен ТВ-ға сілтеме жасап.

Қалыңдығының жездесімен көңіл жарастырғанын біліп қойған жігіт тойда аруды масқаралады

Көрнекі фото: pixabay.com

Жетілікті БАҚ-тың хабарлауынша, той Фуцзянь провинциясында өтіп жатқан. Жас жігіт екі жылдан бері кездесіп жүрген сүйіктісінің өзіне адал емес екенін сезген. Сол себепті алдын ала оның пәтеріне бейне бақылау камераларын орнатып қойыпты.

Кейіннен видео жазбаларды көріп шыққан азамат ғашығының жездесімен көңілдес болғанын білген. Сылқым жүктіліктің алтыншы айында жүрген туған әпкесінің күйеуімен төсек қатынасқа барған.

Күйеу жігіт видеоны дәл тойдың үстінде қосып, қалыңдықты масқаралады.

"Мені ештеңе білмейді деп ойладың ба?", - деді ер адам.

Жанжал бірнеше секундтардан кейін өрши түскен. Қалыңдық жігітке гүл шоғып лақтырып жіберген. Бірнеше адам бірден орнынан тұра жөнелген.

БАҚ-тың хабарлауыша, оқиғадан кейін қалыңдық пен күйеу жігіт тіпті, төбелесіп қалған.

Журналистердің мәліметінше, олар жарты жыл бұрын атастырылып қойған екен.

"Жігіттің ортақ пәтер мен көліктің ақшасын өзі төлеуге уәде бергені үшін бойжеткен оған үйленуге келіскен", - деп жазады Daily Mail.

Сонымен қатар осы оқиғадан кейін қалыңдық әпкесінің күйеуімен қарым-қатынаста болғанын растаған.

Ол күйеу жігітпен отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты дау кезінде ер адамның оны қорғап қалғанын, содан кейін оған деген сезімі пайда болғанын мойындапты.

Қалыңдық күйеу жігіттен видеоны ғаламтордан өшіріп тастауды талап еткен. Олардың ерлі-зайыпты болып қалар не қалмасы әзірге белгісіз.

Десе де желіде тараған бұл видео екі жақты пікір тудырды. Бірі оқиғаға сенсе, енді бірі мұның жай ғана видеоқосымшаны жарнамалауға арналған ролик дегенді алға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, әйгілі екі футболшы арудың некеге отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қалыңдығының жездесімен көңіл жарастырғанын біліп қойған жігіт тойда оны масқаралады
Mailfire view pixel