RU

Сағынтаев жаңа жыл қарсаңында Алматының қалай безендірілгенін көрсетті (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: facebook.com/sagintayev.b

Бақытжан Сағынтаев. Фото: facebook.com/sagintayev.b: Facebook

Қала басшысы өз құттықтауын Instagram парақшасында жариялады.

"Біздің сүйікті қаламыз – Алматыда алдағы Жаңа жылды қуанышпен және үлкен үміттермен қарсы аламыз. Осынау жарқын мереке бізге қасымыздағы туғандарымызбен, достарымызбен бірге жылылық сыйлайды.
Өтіп бара жатқан жылы біз өміріміздің барлық саласында оң өзгерістерді нығайту үшін бәрін жасадық. Біз жиі әрі ашық жүздестік. Бәріміз үшін бірдей мүмкіндігі бар Жаңа Алматыны құру үшін маңызды қадамдарды жүзеге асырдық. Үміт пен үлкен жетістіктер қаласын қалыптастырдық.
Құрметті достар! Біз — нағыз алматылық мінездің иегерлеріміз. Ашық, еңбексүйгіш, мейірімді және батыл бола аламыз. Әрине, егер іс біздің сүйікті қаламыздың тағдырына қатысты болса.
Жақын арада Жаңа 2020 жыл үйімізге енетін болады. Оны қарсы ала отырып, біз ең жақын адамдарымыз туралы ойлаймыз. Оларға назар аударамыз және қамқорлыққа бөлейміз.
Келе жатқан жаңа жылда әр отбасында бейбітшілік пен баянды бақыт салтанат құратын болсын. Барлық ізгі үміттер мен армандар орындалсын!
Сіздердің барлықтарыңызға шын жүректен денсаулық пен гүлдену тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!", – деп жазды Сағынтаев.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында болып, онда 27 желтоқсандағы әуе апатынан зардап шегіп, ем алып жатқан тоғыз баланың жағдайын біліп қайтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сағынтаев жаңа жыл қарсаңында Алматының қалай безендірілгенін көрсетті (видео)