Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова бала кезінде қандай болған (фото)

Опубликовано:

Әнші Мақпал Исабекова желіде кішкентай кезіндегі суретін жариялап, бала күнінде қандай болғанын көрсетті. Желідегілердің бірі әншіні бірден тани қоймаса, енді бірі әртістің аса өзгермегенін жазуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/makosyai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/makosyai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Исабекова балалық шағындағы суретімен Instagram парақшасында бөліскен.

"Көзінде мұң бар кішкентай Макось" , - деп жазды ол фотоның астына.

Аталмыш суретті көрген желі қолданушылары бірден түрлі пікірін жаза бастады.

"Сіз ба, расымен? Танымай қадым, ұқсамайсыз" , "Тәп-тәтті Макося" , "Мен ұл бала екен деп қалдым, сіз деп ойламадым" , "Ұлға ұқсайсыз ғой" , "Тура ұлсыз ғой, сүйкімді" , "Түк өзгермегенсіз, сол қалпы тәтті қызсыз" , "Сөздің шыны керек, танымай қалдым сізді" , "Мен ұл бала деп ойласам, сіз болып шықтыңыз" , "Неге мұң? Бөліссеңізші" , "Сондай тәттісің ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекованың желіде іш киіммен түскен суретін жариялап, басы дауға қалғанын жазған болатынбыз. Көпшілік әншіні сынап тастаған еді.

Алайда, танымал әнші сұхбат беру барысына өзіне керағар пікір жазғандарға жауап беріп, әрбір әрекетін ойлап барып жасайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, өнер иесінің "сені айға дейін сүйемін" деген жазбасы көпшілік арасында қызу талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1834317-makpal-isabekova-bala-kezinde-kandaj-bolgan-foto/

pixel