RU
19 жасында боксқа келіп, алпыс медаль жеңген қазақ қызы кім (фото)

19 жасында боксқа келіп, алпыс медаль жеңген қазақ қызы кім (фото)

Рассказать Вконтакте

Көп балалы отбасынан шыққан Ляззат Күнгейбаева он тоғыз жасына дейін тігін тігіп, дизайнерлік оқуға түспек болған. Алайда қалаған оқуына түсе алмаған ол, ата-анасының қолдауымен спортқа бет бұрады. Бала күнінен күреске жақын болған ол, бокспен айналысуда жөн көреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ el.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

Спортшы арудың сөзінше, оның осы салаға келуін әкесі бала кезден-ақ қалаған екен.

"Әкем менен спортшы шығатынын сезсе керек. Мектеп те оқып жүргенімде бокс үйірмесіне апарды. "Бұл қыздарға лайық спорт емес, қыздар нәзік болу керек" деп бұрқан-талқан ренжігенім бар...

Дизайнер болам деп армандадым. Суретті жақсы салатынмын. Тігін машинасымен әртүрлі көйлектер тігетінмін...Бірақ дизайнерлікке грантқа оқуға түсе алмадым.

Бір күні анам шаруалармен сыртқа шығып кеткен. Жолда күрес бапкерімен танысып, не керек мені жаттығуға барады деп өзара шешіп келіпті", - дейді боксшы қыз.

Оның сөзінше, сол оқиғадан кейін небары үш ай жаттыққан ол, самбодан өткен Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетеді. Спорттағы жетістіктері оның Еуразия ұлттық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығына грантқа түсуіне себеп болады.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

"Сөйтіп жүргенде 22 жасымда боксқа қатысу туралы ұсыныс түсті. Жарайды, мұнда да өзімді сынап көрейін деп шештім. Бокс залына келіп, қолғап киіп, соққы жасауды, қорғаныста тұруды екі күндей үйренген соң, мені ұлдармен спаррингке қойды...
Осылай бокстағы жорығым басталып кеткен еді. Ал екі аптадан соң мен қыздар арасындағы бокстан Қазақстан біріншілігіне қатыстым. Сол кезде ең ауыр салмақта әлем чемпионатында 3-орын алған фаворит қыз бар еді.
Бапкерім соны жеңсем чемпион болатынымды айтты. Барымды салып, ұтып алдым", - дейді ол.

Осылайша боксқа бет бұрған ол Қазақстанның ішкі біріншілігінде 9 рет жеңіске жеткен. Азия чемпионатының күміс, қола жүлдегері атанған. Ал, 2014 жылғы әлемдік біріншілігінде күміс алса, екі жылды араға салып, осы байрақты бәсекеде жеңімпаз атанады.

"Бүгінге дейін алпысқа жуық медаль жинаппын. Әрине, оның ішіндегі ең ыстығы сол әлем чемпионатының алтыны. Бұйырса, тағы да жүлделер санын артыра бермекпін", - дейді спортшы қыз.
Фото: el.kz

Фото: el.kz

Әлем чемпионатындағы табысынан кейін, оған АҚШ-та кәсіпқой бокспен айналысуға ұсыныс түскен. Спорттық мансабында бұдан да биік жетістіктерге жетуді көздеген ол, кейін бұл шешіміне өкініп қалдым дейді. Сондай-ақ, боксшы қыз өзі өнер көрсететін 81 келі салмақ олимпиада ойындарына енеді деген үмітім бар дейді.

"81 келі емес, 75 келіде өнер көрсетуіме болушы еді. Алайда 75 келіге түсу үшін 10-15 келі тастауға тура келеді. Спортшы қыздарда мұндай салмақ қуу күштен айырылумен тең. Яғни, физикалық мүмкіндігің нашарлай түседі. Сондықтан, тәуекелге бармадым. Бапкерлерім де қарсы болды", - дейді ол.

Бір қызығы спортта қанша жыл еңбектенген ару, әлі күнге дейін дәмді тағам әзірлеп, сурет салуды тастамаған екен.

"Мектеп кезінде барлық тамақтарды жасағанмын. Қазір де уақыт болып жатса, дәмді ас әзірлеуге кірісіп кетемін", - дейді кейіпкер.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда он бір жыл тұрып, кәсіби сумошы атанған қазақ жігіті туралы жазған едік. Сүйініш Худибаев сумо спортының ерекшеліктеріне тоқталып, бұл спортқа қалай келгенін баяндап берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel