RU

Нұр-Сұлтанда тоқылған шырша құрылды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Жаңа жыл қарсаңында елордалықтар өз көңілдерін көтеріп жатыр. Астана ортасында еріктілер ерекше тоқылған шырша құрды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы: Twitter

Құрақ көрпе стиліндегі айрықша шыршаны Қазақстанның бес қаласынан 50-ге жуық адам тоқыған. Екі келі түрлі-түсті иірілген жіптер, 100 қол мен жаң жылдық көңіл-күйдің арқасында 3,5 метрлік шырша пайда болды.

Еріктілер мен жолдан өтіп жатқан халық шыршаны барынша әрлеуге тырысқан. Бұл істен ешкім де тыс қалмаған.

Ал Қарағанды мен Павлодарда жаңа жылдық автобустар мен трамвайлар жүр. Кондукторлар жолаушыларға сыйлық түріндегі ерекше билеттер таратуда.

Айта кетейік, Ақтауда ерекше жаңа жылдық автокөлік пайда болды. Қала тұрғыны Виталий өз көлігін түрлі түсті гирляндалармен безендіріп, осылайша халықты мерекемен құттықтамақ болған. Алайда, жол полициясы автокөліктің нөмірін шешіп, жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

Жаңа жыл көпшілік тағатсыздана күтетін сиқырлы мереке. Оны діні мен ұлты әртүрлі әлемнің барша халқы атап өтеді. Десе де кейбір елдер үшін 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түн Жаңа жыл болып есептелмейді. Олардың өздері тойлайтын ерекше Жаңа жылы бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Нұр-Сұлтанда тоқылған шырша құрылды (фото)