Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде аңшы мемлекеттік қызметкерді қабанмен шатастырып, атып өлтірді

Опубликовано:

Башқұртстанда ер адам аңға бірген шыққан жолдасын қабанмен шатастырып алып, байқаусызда атып өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Оқиға Сюрень қыстағынан 22 шақырым жерде орын алды. 37 жастағы ер адам аңға бірге шыққан жолдасына, 62 жастағы мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография федералды қызметінің инспекторына байқаусызда мылтықпен оқ атқан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Ер адамдар аң аулау үшін орманға келіп, бөлініп кеткен. Бір уақытта 37 жастағы аңшы бұтақтар арасынан бірдеңенің қозғалған даусын естіген. Шамасы, аң деп ойлап қалса керек, бірден оқ атқан", – деп мәлімдеді "Башинформ" агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

РЕН ТВ ақпары бойынша, марқұм жерді қорғау бойынша федералды қызмет инспекторы болған. Ал екінші аңшы еш жерде жұмыс істемеген.

Тергеушілер оқиға орнын тексеріп шықты. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Оқ атқан ер адам ұсталды. Ол РФ ҚК-ның 109 бабы бойынша (абайсызда кісі өлтіру) екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, өткен айда Алматы облысында 36 жастағы ер адам өзінің туысын тіркелмеген аңшылық мылтықпен атып өлтірді деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834343-resejde-asy-memlekettik-kyzmetkerdi-kabanmen-satastyryp-atyp-ltirdi/

pixel