RU
"Аналарыңды қорғаңдар": Леңгір түрмесіндегі азамат жанұясына құттықтау жолдады

"Аналарыңды қорғаңдар": Леңгір түрмесіндегі азамат жанұясына құттықтау жолдады

Рассказать Вконтакте

Шымкентте аса ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеде отырған азамат жақындарына бейнеқұттықтау жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ "Отырар" арнасы

Фото: Видеодан кадр/ "Отырар" арнасы

Батырхан Ахметов 400- ге жуық адам жазасын өтеп жатқан Леңгір колониясында отыр. 15 жыл мерзімінің жартысын өтеген ол жаңа жыл қарсаңында колония басшыларынан ерекше өтініш сұраған.

"Ол колония басшылығынан жақындарына Жаңа жылға құттықтау жолдауға рұқсат беруді сұраған. Батырхан Ахметов түзу жолды ұстанып, тіпті, қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін 11 рет мадаққа ие болғандықтан, басшылық оның өтінішін қанағаттандыруға ҚАЖД-ға рапорт жолдады",- дейді Түркістан облысы ҚАЖД аға инспекторы Сәбит Сопиев.

Батырхан Ахметов ең алдымен қылмыс жасаған адамдарға түзелуге мүмкіндік бергені үшін мемлекетке алғыс айтады. Артынша әйелі мен балаларына ақ тілегін жолдайды. Видеодан азаматтың даусы дірілмен шығып жатқанын аңғаруға болады.

"Жандарым менің. Сендерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Өмірлеріңде баолығы жақсы болсын. Еліміздің нағыз азаматтары болыңдар. Жақында жүздесеміз деген үміттемін. Ал қазір мен осында болғанда аналарыңды қорғаңдар, ол сендердің тіректерің", -деді ол.

Жанұя аталған бейнеүндеуді ауыр қабылдағандықтан, арна Батырханның жары мен балаларын көрсетпеген. Ал ҚАЖД өкілдері Батырханның ұлы мен қызына әкесінің және түзету мекемесінің атынан сыйлықтар берген.

Айта кетейік, 2008 жылы ғаламторды Оңтүстік Осетия мен Грузия арасындағы қақтығыста грузин әскери колоннасын жалғыз өзі тоқтатқан ресейлік пулеметшінің суреті шарлап кетті. Шетелдік журналистердің де қызығушылығын тудырған бұл сарбазды көпшілік алғашында бурят Бато Дашидоржиев деп таныған еді. Ол екі-үш күннен кейін әскери қақтығыстар кезінде қаза тапты деген мәлімет те тараған болатын.

Араға бірнеше жыл салып, өжет сарбаз жайлы ақпарат қайта пайда болды. Бірақ, бұл жолы қақтығыс кезінде қайсарлық танытқан пулеметшінің бурят емес, Астрахань қаласында тұратын қазақ екені анықталды.

Ал 16 желтоқсанда республиканың премьер-министрі Эрик Пухаев ержүрек жауынгерге "Оңтүстік Осетиядағы бейбітшілікті қорғау қызметі үшін" медалін табыс етті.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
3
2
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel