RU
Атпен видеоға түсіп, басы дауға қалған генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды

Атпен видеоға түсіп, басы дауға қалған генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Сыйға тартылған жылқыға байланысты басы дауға қалған генерал-майор Аян Дүйсембаев жаңа қызметке орналасты. Ол Маңғыстау облысының әкімі Серік Трұмовтың кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аян Дүйсембаев. Видеодан кадр

Аян Дүйсембаев. Видеодан кадр

Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерінің жаңа лауазымға тағайындалғанын Lada.kz порталы мәлім етті. Бұған дейін ол Атырау облысының полиция департаментін басқарған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті басшысының аттың үстінде отырған видеосы желіде тараған еді. Бейнеролик ел арасында қызу талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевтың әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

Полиция басшысына сыйлық тарту еткен ауыл тұрғындары оны жақтап петиция жазған.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевты лауазымынан босату туралы Қазақстан президентіне ұсыныс жіберуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Ақыры атыраулықтар ат мінгізген Аян Дүйсембаев желіде тараған шулы видеосынан кейін қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди құқық қорғау қызметкерінің не себепті қызметінен босатылғанын түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel