RU

Bek Air апатынан зардап шеккен стюардессаның жағдайы белгілі болды

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында жұмыс істеген стюардессаның қазіргі жағдайы белгілі болды. Бортсеріктің құрбысы Маржанның қазіргі халі туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/makonya_sky; ҚР ІІМ ТЖК

Фото: instagram.com/makonya_sky; ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Әселдің (Маржанның құрбысы) сөзінше, қазір қыздың жағдайы тұрақты. Ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

"Мықты әрі көңілді болуға тырысуда", -дейді бойжеткен өз Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол стюардесса қолдаған, дұға еткен барша халыққа алғыс білдіргенін айтты.

Енді бортсерік қалыпқа келу курсын өткізуі керек. Ал ол үшін материалдық көмек қажет болуы мүмкін. Әсел кейіннен Маржанның анасының реквизиттерін жариялайтынын, ал қазақстандықтар зардап шеккен азаматшаға қаражат жібере алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Bek Air әуе компаниясы алғаш рет мәлімдеме жасады, олар болған жайттан кейін есеңгіреп қалғандықтан ұзақ уақыт оқиғаға қатысты пікір білдірмегенін алға тартты.

Әуе компаниясының басшысы әуежай маңында ғимараттар салынбағанда, ұшақ апатқа ұшырамай, жазық далада тоқтайтын еді деп хабарлаған.

Апаттың салдары туралы сұраққа жауап бере отырып, әуе компания басшысы мәселе апатқа дейін аз уақыт бұрын ұшып шыққан ауыр лайнердің жерсеріктік ізінде болуы мүмкін екенін айтты.

Бұл мәлімдемеге "Қазаэронавигация" да, Алматы облысының әкімдігі де пікір білдірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Bek Air апатынан зардап шеккен стюардессаның жағдайы белгілі болды