RU

"Көп өзгерістерге куә болдық": Айгүл Иманбаева желіде жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаева 2019 жылды өзі үшін қорытындылап, биыл елімізде қандай өзгерістер орын алғанына тоқталды. Өнер иесі мемлекетіміздегі кейбір жаңалықтар жанды қуантса, енді бірі керісінше көңілді құлазытқанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva. Денис Кривошеев/Facebook. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva. Денис Кривошеев/Facebook. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында жылдық қорытынды ретінде ауқымды жазба қалдырды. Онда Иманбаева жан сырын ақтарып, биылғы жылы неге риза болғаны мен қандай жайттарға көңілі толмағанын айтып берді.

"Тағы бір жыл аяқталды. Жақсылықтары да бар,көңіл құлазытқан сәттері де бар. Біреуіне қуансаң, екіншісіне жүрегін іштей аурып, қабырғаң қайысады. Бірақ ең бастысы, айналамыз аман: тілекші жандарым, тыңдарманым, қалың елім. Сол үшін де Аллаға мың қайтара «Шүкір!» деймін. Елдік деген еңселі межеден биылғы жылды сараптасақ, ел өміріндегі біраз өзгерістерге куә болдық.

Халықтың игілігіне шешілген қаншама түйткілді мәселелердің түйіні тарқады. Мен бүгінгі биліктің саяси қадамдарына баға беруден аулақпын, бірақ осы елдің бір азаматы ретінде көпбалалы жанұяларға бөлінетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер, ауылшаруашылығы, отандық өндіріс, т.б. толып жатқан жақсы жаңалықтарға кәдімгідей қуандым, марқайдым, бетбұрыстарға «шүкір» дедім, «шіркін» дедім.

Қазір бәрін «заман сондай», «қоғам сондай» деп аудара саламыз. Ал өзіміз осы қоғамның сәл де болса жақсаруына, заманның ызғарына одан сайын боран, дауыл қоспай, сәуле сыйлауға тырысып, айналамызға қаншылықты жылулық сыйлап жүрміз? Сұлтанмахмұд Торайғыровтың: «Жақсылық көрсем – өзімнен, Жамандық көрсем – өзімнен, Тағдыр (АЛЛА)қылды дегенді, Шығарамын сөзімнен» деген сөзін жиі ойға алам.

Шынымен де, біз өз өмірімізде болып жақтан қуаныш пен қайғыны, адалдық пен сатқындықты – бәрін өз ойымыз бен пейіліміз арқылы тартамыз. Содан соң «өзіміз жаққан отқа өзіміз жылынамыз». Менің күнделік жазатыным бар. Күнделікке ешкімге айтпай жасырған көңіл түпкіріндегі ойларымды ақтарам. Жаратқаннан басқа жан білмейтін құпияларым қағаз бетіне төгілгенде іштегі шерім тарқайтындай.

Мен күн сайын бәріне: өмірімде болып жатқан қуаныштарым мен қиындықтарыма, өмірдің сабақтарына, Алланың маған жіберген мүмкіндік сауаптарына – бәріне-бәріне алғыс айтамын. Аман болайық. Келер жыл кеңшілігін аямасын! Ел аман болсын! Осы сөздің аса маңызды екенін ұғындыру үшін халқымыздың басына ауыр сынақтар берілмесе екен! Туымыз төмендемесін! Қаралы күндер болмасын" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көп өзгерістерге куә болдық": Айгүл Иманбаева желіде жан сырын ақтарды
Mailfire view pixel