RU

2020 жылы миллиондаған смартфонда WhatsApp істен шығады

Telegram logo VKontakte logo

WhatsApp 2020 жылдың басынан бастап миллиондаған құрылғыда істен шығады. Нақтырақ айтқанда, әйгілі мессенджер енді Windows Phone, 9.0- ден төмен iOS және 4.0.3-тен төмен Android жүйелерінде жұмыс істемейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: azh.kz

Көрнекі фото: azh.kz: Depositphotos

Компания хабарламасына сәйкес, Windows Phone басқаратын барлық құрылғы 2019 жылдың 31 желтоқсанынан бастап өшеді. Олар мессенджерді пайдалану үшін платформаны өзгерту туралы ойлауы керек.

Ал Microsoft платформа қолданушыларына iOS-қа немесе Android-қа көшкен дұрыс екенін айтып, өз операциялық жүйесі мобильді нұсқасының сәтсіздікке ұшырағанын мойындады деп хабарлайды Daily Mail.

Microsoft Windows 10 Phone OS -ты дәл WhatsApp сияқты 31 желтоқсаннан бастап қолдауды тоқтатады.

Ал iOS-тың тоғызыншы нұсқасынан төмені мен Android-тың төртінші нұсқасынан төменін қолданатын смартфон иелеріне Facebook апгрейдке уақыт бермек. Олардың қосымшасы оффлайнға 2020 жылдың ақпан айынан бастап кетеді.

Басылым бағалауынша, қолданушылардың көп бөлігі жаңартылған нұсқаларды қолданғанымен, әлем бойынша миллиондаған құрылғы оффлайнға кетеді.

Бұл жаңалықпен бөліскен WhatsApp ауыр қадамға барғанын мойындап отыр. Себебі, жоғарыда аталған платформалар қосымшаға енгізіліп жатқан барлық жаңартулардың жұмысын қолдауға мүмкіндігі жоқ.

Компания барлық мүмкіндіктерінің сапалы және толық жұмысын қамтамасыз етуге ұмтылады, оның көмегімен бүкіл әлемнің адамдары кез келген қашықтықтағы туыстарымен және жақындарымен байланыса алады.

Синоптиктер жаңа жылдың қаңтар айына арналған болжамын ұсынды. Мамандар 2020 жылдың алғашқы айында жел соғып, күн суытатынын жеткізді.

Cонымен қатар, 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі үкімет қаулысымен бекітілді. Құжат күшіне енді, жаңа жылдан бастап бірнеше күндік демалыс күндері ауысады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
2020 жылы миллиондаған смартфонда WhatsApp істен шығады