RU
Президент Путинді Қазақстанға шақырды

Президент Путинді Қазақстанға шақырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтее жасап.

путин

Фото: NUR.KZ

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекеттер басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.

Сонымен қатар президенттер бірін-бірі Жаңа жылмен құттықтады.  

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 31 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомар Кемелұлы Ақордада премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары баяндалды.

Сондай-ақ, Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері қарастырылды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel