RU

Риддер тұрғындары қардан жасалған мүсіндерге шүйлікті (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Риддердегі Тәуелсіздік алаңында Аяз Ата мен Ақшақардың, "Маша мен аю" мультсериалы кейіпкерлерінің, мысық пен тышқанның, сондай-ақ, "Арыстан патша" мультфильміндегі Симбаның қардан жасалған мүсіндері пайда болды. Түрлі түске боялған қар мүсіндер қала тұрғындарының ашуына тиді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Риддер тұрғындары қардан жасалған мүсіндерге шүйлікті (фото)

Фото: www.instagram.com/riddervsegda: Depositphotos

Риддерде желтоқсан соңында жаңа жылдық мүсіндер пайда болды. Бірақ, мерекелік безендірулер көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Кейбіреуі, тіпті, оны "Ұсқынсыздар циркі" деп атады.

"Қала тұрғындары үшін жүрегің ауырады. "Бізге ертегі келеді, қарауға қорқасың",- деп жазды timson_men_ridder есімді Instagram қолданушысы.

Жергілікті тұрғындар қараша айында Аяз ата мен Ақшақарды ағаштан жасаған азаматты еске алды.

"Ағаштан жасаған азаматтыкі 100 есе әдемі",- деді ryslaaan99.

"Мектеп уақытында бізге қардан мүсіндер жасауға мәжбүрлеуші еді. Мектеп оқушылары арасында байқау да болған. Шынына келгенде, мектеп оқушылары әдемі мүсіндер жасаған", -деп жазды schipkovatan есімді қолданушы.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Семей қаласында Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткіштің суреті тарады. Жеңіс паркінде тұрған мүсін көпшіліктің көңілінен шықпаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Риддер тұрғындары қардан жасалған мүсіндерге шүйлікті (фото)