RU
Қызылордада вандалдар алаңдағы безендірулерді сындырып тынған

Қызылордада вандалдар алаңдағы безендірулерді сындырып тынған

Рассказать Вконтакте

Қызылордада 30 желтоқсан күні таңертең бұзақылар алаңдағы жаңа жылдық безендірулерді қиратып, жасаған әрекеттерін видеоға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Оқиға барысын полиция жедел басқару орталығының бақылау камерасы түсіріп алды.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 желтоқсан күні таңертең 6.45-те үш жас жігіт орталық алаңға көлікпен кірген.

Содан кейін бұзақылар шеңбер жасап, жаңа жылдық әшекейлермен безендірілген үйшіктерге тоқтады.

Жас жігіттер мерекелік безендірулерді қиратып, ұялы телефондарының камерасына түсіріп алған.

Содан кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп вандалдарды ұстады.

Бұзақылардың аты-жөндері айтылмады.

Тек 20-26 жас аралығындағы жігіттер екені белгілі болды.

Олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылған.

Полиция департаменті бұзақылар жауапқа тартылатындығын жеткізді.

Қолға түскендер жасаған істерін толық мойындап, қала тұрғындарынан кешірім сұраған.

Полиция департаменті Қызылордада "Құқық тәртібі" атты іс-шара өтіп жатқандығын және бұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel