RU
Головкин жыл соңында рейтингтегі орнынан айырылып қалды

Головкин жыл соңында рейтингтегі орнынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Бокс туралы жазатын танымал BoxingNews24.com сайты 2019 жылдың қорытындысы бойынша P4P рейтингінің нұсқасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Instagram/gggboxing

Фото: Instagram/gggboxing

"Орта салмақтағы бұрынғы король Геннадий Головкин төменге сырғыды, дегенмен ол P4P тізімінде бар",- деп жазады басылым.

BoxingNews24.com нұсқасы бойынша ТОП-10 тізімі

1. Василий Ломаченко

2. Сауль Альварес

3. Эррол Спенс

4. Наоя Иноуэ

5. Теренс Кроуфорд

6. Александр Усик

7. Мигель Берчельт

8. Деонтей Уайлдер

9. Геннадий Головкин

10. Мэнни Пакьяо.

Осыған дейін Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның арасындағы кездесу жоспарланған уақыттан кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Өткен аптаның соңында отандық спортшының мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн болса қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші кездесу 2020 жылы өтетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, 1909 жылы жарық көрген көне Boxing News басылымы өткен онжылдықтың ең үздік бес жекпе-жегін жариялады.

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванштық кездесу аталған рейтингтің төртінші орнын иеленді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel