Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жылдың қорытынды cалтанатты шарасы өтті

Опубликовано:

Бүгін, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде, қала әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен 2019 жылдың қорытынды салтанатты шарасы өтті.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Салтанатты шарада қала әкімі жыл көлемінде өңіріміздің жеткен жетістіктері мен атқарылған ауқымды жобаларға тоқталып, барша қала тұрғындарын санаулы сәттерден кейін төрімізге енетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтаса, салтанатты шараның құрметті қонағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы жерлестеріне деген жылы лебізін жеткізді.

"Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп",- дейді халқымыз.

Енді санаулы сәттерден кейін толайым табыстар сыйлаған 2019 жылды шығарып салып, Тәуелсіз ел тарихындағы тағы бір мүшелді артқа тастап, жыл санауының бастауы – 2020-шы жылды қарсы аламыз.

2019 жыл, бабаларымыздың байырғы қонысы – Сыр орталығы үшін бергені мол берекелі кезең болды.

Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан қала халқына алғыс айтамыз!

Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды! Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа жылдың жарқын парағын ашқалы тұрмыз.

Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болғай.

Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілеймін! – деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Жаңа жылдық мерекенің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шара барысында бірқатар азаматтар қала әкімдігінің «Құрмет грамотасымен» және түрлі саланың мамандарынан 10 адам «Жыл үздіктері» номинациясымен, білім беру саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген, қала мектептерінің 10 ұстазына қала әкімінің «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2019» грант иелеріне тағайындалған 150 мың теңге сыйақысы, 1 ұстаз «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, жергілікті өнерпаздар кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңа жылдық мерекенің қорытынды және басты шарасы орталық алаңдағы Гала концертпен жалғасын табады.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Қала әкімдігі қала тұрғындарына мерекелік тарту еткен Гала концерттің жұлдызды қонақтары, эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Қуандық Рахым мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді және Жаңа жылдық отшашу ұйымдастырылады.

Бұған дейін де Қызылорда қаласында мереке күндері қарсаңында бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылып, Жаңа жылдық тарту ретінде әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Атап айтқанда, 30 желтоқсан күні Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтерген жалпы ауданы 14 мың 260 шаршы метр болатын 5 арендалық тұрғын үйдің пәтер кілттерін табысталды.

Қоныс той иелерінің басым көпшілігі көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтар.

Айта кету керек, бұған дейін Тәуелсіздік күні қарсаңында осы тұрғын ауданнан 240 отбасыға кредиттік тұрғын үйлердің кілттері табысталған болатын.

Сонымен қатар, қалаға қарасты Ақжарма ауылдық округінде жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл ғимаратта, 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардаргерлер бөлмесі, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

Жалпы, Қызылорда қаласы 2019 жылды табысты аяқтады.

Жыл басында Қызылорда қаласының бюджеті 43 млрд теңге болып бекітілсе, жыл қорытындысымен қала бюджеті 77 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде, аймақ орталығындағы жыл сайынғы жұмыстар лайықты жалғасын табуда.

Қала қарқынды құрылыс алаңына айналып, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жаңа тұрғын ауданда биылғы жылдың өзінде бірнеше тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Қалаға қарасты елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүзеге асуда. Нәтижесінде қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызды құрайды.

Соңғы жылдары 25 млрд.теңгеге 600 шақырым жол орташа, күрделі жөндеуден, қайта жаңғыртудан өтті.

Құны 5 млрд. 115 млн теңгені құрайтын кәсіпкерлік жобалар іске асырылып, мыңға жуық жұмыс орны ашылған.

Құны 71,1 млрд. теңге болатын 10 Индустриялық – инновациялық жоба жүзеге асырылуда.

Білім беру нысандарының саны жыл сайын артып келеді.

Бұл салада орын тапшылығын шешу мақсатында екі мектептің жанынан қосымша 150 орындық ғимараттар салынды. Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық жаңа мектеп бой көтерді. «Ақсуат» ауылдық округінде бөбекжай ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сол жағалаудан «Болашақ» университетінің бас кампусы, 320 орындық балабақша мен «Білім шамшырағы» серіктестігі арқылы 700 орындық «Оrda school» жеке бастауыш мектебі ашылды. «Нұр-Ай» серіктестігі қала орталығынан 500 орындық мектептің құрылысын жүргізуде.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, келер жылы "Саяхат", «Бәйтерек», «СПМК» тұрғын аудандарында жаңа мектептердің құрылысы басталады.

«Жастар жылы» аясында, мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көздері екі есеге артып, қала бойынша республикалық, халықаралық деңгейде 12 жоба жүзеге асырылды.

2016 жылдан бері 1000-ға жуық жас отбасы, биылғы бір жылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы 130 жас отбасы баспаналы болды.

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834405-kyzylordada-zyldy-korytyndy-caltanatty-sarasy-tti/

pixel