RU
Депутаттар жаңа жылды қалай қарсы алады (видео)

Депутаттар жаңа жылды қалай қарсы алады (видео)

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаттары Жаңа 2020 жылды қалай қарсы алатындарын айтып берді. Халық қалаулыларының басым бөлігі тышқан жылын туған-туыстарымен бірге дастарқан басында қарсы алуды жоспарлап отырғандарын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Депутат Сапар Ахметов отбасымен мерекелік дастарқанда өткен жылда жеткен жетістіктерін және алдағы жылға жоспарларын талқылайтындарын атап өтті.

Ал Зағипа Балиева Жаңа жылды қара шаңырақта қарсы алып, екінші күні бір-біріне қонаққа баратындарын жеткізді.

Нұржан Әлтаев та Жаңа жылды елордада отбасымен бірге қарсы алмақ.

Дегенмен, Жаңа жылды тойламайтын мәжілісмендер де бар екен. Соның бірі – жас депутат Нұрлан Әлімжанов. Ол үшін Жаңа жыл – ұлыстың ұлы күні Наурыз. Ал 31 желтоқсанды халық қалаулысы күнтізбенің ауысуы деп қана қабылдайды.

Айта кетсек, қазақстандық стилист Жанна Ахметова әйелдерге Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керектігі жөнінде кеңес берді.

Стилист 2020 жыл – тышқан жылында ашық түсті киімдерден бас тартпау қажеттігін айтты.

"Мен Жаңа жылда күнделікті өмірде кимейтін, ашық киімдерді киюге кеңес беремін. Киім зерлі жіптен тоқылған жібек матадан болуы керек. Сондай-ақ моншақ, жылтырақ, күміс, пайетка, бисер болғаны жөн. Күнделікті өмірде киюге батылыңыз жетпейтін киімді Жаңа жылда киіңіз", - дейді Жанна Ахметова.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel