RU
Дәрігер кеңесі: 1 қаңтарда қалай тамақтану керек

Дәрігер кеңесі: 1 қаңтарда қалай тамақтану керек

Рассказать Вконтакте

Ресей денсаулық сақтау министрлігі эндокринология ұлттық медициналық зерттеу орталығының эндокринопатия профилактикасы мен терапиясы бөлімінің меңгерушісі Лариса Савельева 1 қаңтар күні қандай азық-түліктерді тұтыну керектігі жөнінде кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Дәрігердің айтуынша, Жаңа жылдың алғашқы күнінде жеңіл таңғы ас ішіп, серуендеп қайтқан абзал.

Сондай-ақ ол түскі асқа мерекелік дастарқаннан қалған салаттарды жеп, ал кешке ағзаға күш түсірмей жеңіл тамақтану керектігін жеткізді.

Маман кешке де бір серуендеп қайтқанның артық болмайтынын жеткізді.

"Бастысы – артық калориямен ағзаға күш түсірмей, көбірек қимылдаған дұрыс", – деп түсіндірді Савельева.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық стилист Жанна Ахметова әйелдерге Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керектігі жөнінде кеңес берген болатын.

Стилист 2020 жыл - тышқан жылында ашық түсті киімдерден бас тартпау қажеттігін айтты.

"Мен Жаңа жылда күнделікті өмірде кимейтін, ашық киімдерді киюге кеңес беремін. Киім зерлі жіптен тоқылған жібек матадан болуы керек. Сондай-ақ моншақ, жылтырақ, күміс, пайетка, бисер болғаны жөн. Күнделікті өмірде киюге батылыңыз жетпейтін киімді Жаңа жылда киіңіз", - дейді Жанна Ахметова.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel